17
февраль
2025
"Ел тұтқа" жобасын жүзеге асыруда
7 А сыныбы Нұржан Қарымсақовтың "Ел тұтқа" атты суретінде бейнеленген 117 тұлғаның ішінен Құрманғазы, Дина Нұрпеисова, Әбілхан Қастеев, Абай атамыздың тұлғаларын зерттеп, көрермендердің назарына ұсынды. Құрманғазы атамыздың және Дина әжеміздің “Адай”, және “Балбырауын” күйлерін Тоқтар Ділназ, Тоқтар Гүлназ, Жұмабекова Қарақат, Серікқызы Айзере, Кумашев Жасұлан ойнап берді. Ал Мақсатқызы Наргиза мен Бүркіт Мария Әбілхан Қастеевтің “Бүркіт ұстаған аңшы” атты шығармасын өздері салып Кумашев Аслан үшеуі көрермендер алдында ұсынды. Базарбекова Айгерім, Базарбекова Аяжан Кумашев Аслан үшеуі Абайдың қара сөздеріне арнап видеоролик түсірді. Балалардың шығармашылық көзқарасымен зерттеген жұмысы көрермендерге ұнады.