11
март
2024
Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты көркем шығармасын оқу.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні "Оқуға құштар мектеп" челленджі желісінде облыс орталықтарына видеоконференция өткізілген болатын. Видеоконференция барысында Шымкент қаласы челлендж ережесіне сәйкес Абай облысы оқырмандарына Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты көркем шығармасын оқуды жолдады. Челлендж ағымдағы жылдың наурыз айының 29- на дейін жалғасады. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана жоспарына сәйкес 11- наурыздан бастап 5-11 сыныптар арасында Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармасына мектепшілік челленджі басталды. 5 "А" сынып оқушылары челленджді 6 "А" оқушыларына жолдады.
#Жусан_иісі_Абай_облысы
#Жусан_иісі_Абай_облысы
