25
май
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!»
«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің, ардагер мұғалімдердің, ата – аналардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Оқу-жылының қорытындысында өткізілген жиынның мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.
Мектеп директоры Наширбеков Нурлан Жандильдинович оқу жылы бойынша ғылыми жобалар, олимпиадалар жеңімпаздарын марапаттап, түлектерге алдағы қорытынды аттестаттау мен ЕНТ-ді сәтті тапсыруларын тіледі.
Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы 25 мамырда сағат 9.30 –да басталды. Іс – шара қонағы Шәкәрім университеті «Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты PhD Камбарова Арай Сагинбековна мектеп түлектерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп оқушысы Павлов Николайға білім беру бағдарламасына 50 % жеңілдік сертификатын табыс етті.
Кездесу қонақтары – ардагер ұстаздар түлектерге ақ жол тілеп, алдағы уақытта жаңа өмірге жасалатын қадамдарына сәттілік тілеп, құттықтады.