Республика көлемінде ұстаздар күні
05.10.2023 5 – қазан Республика көлемінде ұстаздар күні аталып өтті. «№25 ЖОББМ» КММ оқушылары да бұл шарадан тыс қалмады. Іс – шараға жауапты 11А сынып оқушылары мен парламент мүшелері жұмыс күні басталған сәттен ұстаздарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Ұстаздарымызға мерекелік көңіл кдомсыйлау әр оқушының міндеті. Және ол тек бір күнмен шектелмеу керек. Аталмыш мереке оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты нығайта түсіп, екі жақ бір – бірін жақынырақ тануға мүмкіндік беретін ерекше сәт.