Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7222) 51-47-35
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Бөбек» шағын-орталығы МДҰ-ның педагогикалық кеңесінің отырысы
29
январь
2024

«Бөбек» шағын-орталығы МДҰ-ның педагогикалық кеңесінің отырысы

Бахытгуль Раиповна №2 педагогикалық кеңес отырысының шешімінің біртіндеп орындалып жатқаны жайлы айтып өтті, коммуникативтік дағдыны дамытуда технологиялардың тиімді әдістерін қолданылып жатыр, тәрбиешілер  коммуникативтік дағдыны дамытуда технологиялардың тиімді әдістерін оқу қызметі барысында қолданып жүр.

Келесі сұрақ бойынша шағын орталығымыздың медбикесі Балықбаева Г.О. сөз алды. Мен шағын орталық медбикесі ретінде санитарлық-гигиеналық режимді бақылауды жүзеге асырамын және де аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргіземін. Ауруына байланысты келмеген балалардың күнделікті есебін және сырқаттанғандарды оқшаулаймын. Дер кезінде ата-аналарға хабарлап, олардың дәрігерге барып қаралуына кеңес беремін. Жасы келген балаларды төмендегі күнтізбеге сәйкес профилактикалық егу жұмыстарын қадағалап, дәрігердің тағайындауларын орындаймын.

Жаңадан қабылданған балаларды №063 нысанды медициналық құжаттама бойынша қабылдап, оларды жыл сайын медициналық қаралуын қадағалап, тиісті есепке алу, есеп беру құжаттамасын жүргіземін:

  • жұқпалы ауруларды есепке алу;
  • соматикалық сырқаттану;
  • асқынған жұқпалы аурулармен байланысты есепке алу;
  • карантинді есепке алу;
  • профилактикалық егулерді есепке алу;
  • кабинеттерді, топтарды кварцтау
  • балаларды диспансерлік есепке алу;
  • профилактикалық егулермен қамту;
  • диспансерлік бақылау;
  •  ас блогына келіп түсетін тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын бақылау;
  • балалардың күнделікті келуін есепке алу журналы;
  • балалардың денсаулық төлқұжаты;
  • қызметкерлердің денсаулық төлқұжаты;

Сондай-ақ диетбике ретінде күнделікті мәзір, ас дайындау сапасын қадағалап, күн сайын дайын тағамның татымын байқаймын. Күнделікті СЭС талаптарына сәйкес тамақты 24 сағатқа сақтауға қоямын.

Топтардың тамақ алу кестесінің орындалуын қадағалап, күнделікті аралау жұмыстарын жүргіземін.


Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі. Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді, - деп Бахытгуль Раиповна келесі сөзді топ тәрбиешілеріне берді.

Келесі сөзді «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Кожахметова А.Т. алды. Арай Төлеуғазықызы: Тамыз айында 25 бала «Күншуақ» тобына қабылданды. Бастапқы кезеңде барлық балалар балабақша күн тәртібіне бейімделмеген болып келді. Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, түбекке отыруды, беті қолын үлкендердің көмегімен жууды, үлкендердің көмегімен киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жарты жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.

Қазан айында «Қош келдің, Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті. 

Желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс- шара өткізілді.

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін барлық топ тәрбиешілері болып бірге өткіздік. Балалар ертеңгілікте мерекелік көңіл – кдомсыйладық деген ойдамыз, балалар  билерін билеп, әндерін айтып көңілді жүрді.


           Келесі сөз кезегін «Бота» тобының тәрбиешісі Ельчибекова Л.А. алды. Лаура Айтмухаметовна: бірінші жарты жылдықта топ тәрбиенушілері әр түрлі олимпиадаларға, сайыстарға белсенді қатысып жүлделі орындар алып, сертификат, дипломдармен марапатталды. Қыркүйек айында топтық жиналыс өтті. Ата-аналар комитеті сайланып, шағын орталықтың  жылдық міндеттерімен, жаңа бағдарламамен таныстырылды. «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында пікір алмасты. Тәрбиеші Хисамутдинова Г.К. «Жаңа ортадағы кішкентай адам. Бейімделу проблемасы» тақырыбында баяндама оқыды. Күнделікті ата-аналармен жеке және топтық әңгіме, кездесулер жүргізілді.


Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее