Мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтау және тарату - Средняя общеобразовательная школа № 25 https://25-semey.edu.kz/ ru Мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтау және тарату - Средняя общеобразовательная школа № 25 DataLife Engine 1-МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/obobschenie-i-rasprostranenie-opyta-pedagogov/554-1-mamyr-azastan-halyny-brlg-kn.html https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/obobschenie-i-rasprostranenie-opyta-pedagogov/554-1-mamyr-azastan-halyny-brlg-kn.html
]]>
1-МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ҚАЛА БОЙЫНША ШАРАЛАРҒА БІЗДІҢ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ.

]]>
admin1 Thu, 01 May 2025 15:51:30 +0600
Семинар тақырыбы: Оқу процесіне инновациялық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/206-seminar-tayryby-ou-procesne-innovacijaly-tehnologijalar-men-oytu-strategijalaryn-engzu.html https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/206-seminar-tayryby-ou-procesne-innovacijaly-tehnologijalar-men-oytu-strategijalaryn-engzu.html Семинар тақырыбы: Оқу процесіне инновациялық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу
Өтілген орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мақсатты аудитория: Абай облысының шағын жинақталған мектеп мұғалімдері
Өтілген күні: 19 қазан, 2023 жыл
Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру. 
Семинар модераторлары: Бексолтанова Т. Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы және Наширбеков Н.Ж. «№25 ЖОББМ» КММ директоры.
Семинар барысында бейнелеу өнері және технология пәндерінің мұғалімі Мукушев Ж.М.  «Суретті қызықтыра салдыру жолдары» авторлық бағдарламасы негізінде «Бес саусақ бірдей емес» әдістемесі  тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сынып барысында авторлық әдістеме арқылы курс тыңдаушылары сурет салуға қызығушылықты оятудың әдістерімен танысты.
Тарих және география пәндерінің мұғалімі Бужиева Г.К. 5 «А» сыныбында «Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер» тақырыбында және математика пәнінің мұғалімі Ахметолла З.М. 6 «А» сыныбында «Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
10- сыныптың сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Баженова Г.Т. «Оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің  үлесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: адам өміріндегі қарым – қатынас мәдениетінің мәнін ашу, курс тыңдаушыларының қарым – қатынас мәдениетін сақтаудағы түсініктерін ортаға салу.
Семинар соңында Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды.
Семинар соңында тәжірибені жалпылау және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу болды, сонымен қатар қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жұмыстың нәтижесі ретінде қабылданған ұсынымдар болды. 
 
]]>
Семинар тақырыбы: Оқу процесіне инновациялық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу

admin1 Sat, 09 Dec 2023 13:40:35 +0600
«Оқу процесіне инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/205-ou-procesne-innovacijaly-tehnologijalary-men-oytu-strategijalaryn-engzu.html https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/205-ou-procesne-innovacijaly-tehnologijalary-men-oytu-strategijalaryn-engzu.html «Оқу процесіне инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу»
21 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Абай облысының шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Оқу процесіне инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар модераторы Бексолтанова Т. Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы және Наширбеков Н.Ж. «№25 ЖОББМ» КММ директоры.
Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.
Семинар барысында аталмыш мектептің пән мұғалімдері Сембаева Г.С., Мукушева Н.С. «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту үрдісінде CLIL технологиясын қолдану әдістемесі», Жетимекова А.Ж., Болесова Г.Е. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын әдіс -тәсілдер», Конырова Е.М. «Биология сабағында Smart – технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптарында шебер - сыныптар өткізді. 
Жолбарисова Ж.А. «Қазақ тілі сабағында ойын арқылы өзге ұлт тілді оқушыларға төл дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету», Исаева К.З. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. 
Семинар соңында Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды.
Іс-шара барысында өткен тәжірибелік алаң, шеберлік сыныптарға қатысушылар жоғары баға беріп, қызығушылық танытты. Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.    

]]>

]]>
admin1 Thu, 21 Sep 2023 13:30:36 +0600
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/obobschenie-i-rasprostranenie-opyta-pedagogov/382-oblysty-seminar.html https://25-semey.edu.kz/uchebno-metodicheskaja-rabota/obobschenie-i-rasprostranenie-opyta-pedagogov/382-oblysty-seminar.html ]]> 21 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты тыңдаушыларының қатысуымен «Оқу процесіне оқытудың инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Бексолтанова Толкын Толеубековна қатысты. 

       Мақсаты:  интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.

Семинарды «№25 ЖОББМ» КММ директоры Наширбеков Н.Ж. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында аталмыш мектептің пән мұғалімдері Сембаева Г.С., Мукушева Н.С. «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту үрдісінде CLIL технологиясын қолдану әдістемесі», Жетимекова А.Ж., Болесова Г.Е. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын әдіс -тәсілдер», Конырова Е.М. «Биология сабағында Smart – технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»  тақырыптарында шебер - сыныптар өткізді. 

Жолбарисова Ж.А. «Қазақ тілі сабағында ойын арқылы өзге ұлт тілді оқушыларға төл дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету», Исаева К.З. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. 

Іс-шара барысында өткен тәжірибелік алаң, шеберлік сыныптарды қатысушылар жоғары бағалап, қызығушылық танытты.

Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.    

]]>
admin1 Thu, 21 Sep 2023 07:22:38 +0600