Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7222) 51-47-35
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2024

Қайырымдылық – ұлы іс.

Қайырымдылық – ұлы іс. Әсіресе, көп балалы,  әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды назардан тыс қалдырмай, әрқашан қолдап, көмектесіп отыру мемлекетке жүктелген басты міндеттердің бірі. 
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сродства аймағында тұратын «№25 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-і бойынша аз қамтылған отбасыларға Абай облысы Семей қаласының  «АЙ – АР» ЖШС өз өнімдерінен  азық түлік себетін тарту етті.  Аталмыш көмекті осы кәсіпорынның коммерциялық  директоры Тұрсынов Қайрат Тұрсынұлы, Семей қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы  Оспанов Елубек Серікбосынұлы,  мектептің әлеуметтік педогогы Ишмухаметова Гульмира Кайкаусовна  бірге табыстап, мерекелерімен құттықтап шықты. Осындай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее