Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7222) 51-47-35
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бола ма?» тақырыбындағы пікірталас
27
ноябрь
2023

«Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бола ма?» тақырыбындағы пікірталас

Мектеп парламенті өткізген дебат та, осыны алдыға тартады. 27 – қараша күні «Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бола ма?» тақырыбындағы пікірталаста, оқушылар тек аргументпен ғана шектелмей, шешу жолдарының альтернативаларын ұсынды. Дебатқа 9 А сынып оқушылары, әрі парламент мүшелері Альсейт Диас, Тұрсынғалиева Айша, Данияр Мадияр, Смағұл Нұрали қатысты. Жүргізушілер: Қуанышқызы Арайлым мен Тынышытықова Нұрай. Секундант: Есенгельдинова Ақерке.  Альсеит Диас пен Тұрсынғаливеа Айша сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес десе, Данияр Мадияр мен Смағұл Нұрали сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін деді. Алайда, жарыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Оны анықтайтын әділ – қазы алқасы. Әділ – қазы алқасы мүшелері: мектеп президенті – Маратқызы Айнұр, парламент мүшелері – Чакенова Аяжан және Кәрімғазы Ақмарал. Аталған оқушылардың шешімі бойынша Альсейт Диас пен Тұрсынғалиева Айша жеңімпаз болды. Дебат соңында көрермендер де өз ойларымен бөлісті.
 Атаулы іс – шараның мақсаты – балаларды мектеп кезінен бастап, сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен таныстырып, оның қаншалықты зиян екенін түсіндіру. Бұл өмірде барлық нәрсе оңайлықпен келмейтінін, әр нәрсенің сұрауы бар екені айту. Әр еңбектің өз жемісі бар. Оны Абай Құнанбаевтың өзі айтып кеткен:  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей!».
Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее