03
февраль
2025
11А сыныбында өткізілген ата-ана жиналысы
11 «А» сыныбының ата- аналарына арналған «Ата-ана махаббаты» атты ЕНТ тапсыратын оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету тренингі өткізілді.
Мақсаты: Ата-анаға баланың психологиялық жағдайын түсіндіру, жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін таныту. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата – аналардың ЕНТ-ға деген көзқарасын анықтап, қорқынышын сейілту, психологиялық қолдау көрсету.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. «Үй » жаттығуы
ІІІ. «ЕНТ ата – ана көзімен» тақырыбында постер қоғау.
ІҮ. Жағдаяттар.
Ү. «Баламның кластағы 5 досы» тренинг
ҮІ. Ата – аналарға психологиялық кеңес
ҮІІ. «Тілек ағашы» Қорытынды.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Тренинг соңында Ж.Ж.Руссоның: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық дегім келеді деп аяқтадым.
Сынып
Жетекшісі: Г.Т. Баженова