Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-47-35
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

Біз туралы

                                           Біз туралы.

Балалық шақ- әрбір адамның ұмытылмас кезеңі. Балалық шақтың ерекше есте қалуы үшін бала қоршаған ортаны танып, балалар ұжымында достық пен дербестікке үйренуі шарт.

Құрметті аналар мен әкелер!! №25 жалпы орта білім беретін мектеп КММ-сі «Бөбек» шағын орталығы Сіздердің бүлдіршіндеріңізді қуана қарсы алады!!!

Біздің шағын-орталығымыз жайлы да сәнді үй. Осы үйімізді  көңілді де ақылды балалар мекен етеді. Балалаларға орталықта жайлы болуы үшін шағын-орталықтың шығармашыл ұжымы қолдарынан келген жақсылықтарын  аянбауда.

Педагогтардың барлық күш жігері, білімі мен біліктері баланың жеке басының әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған. Балаға салауатты өмір салт дағдыны, азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру, шығармашылық, өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуға арналған.

Шағын-орталықта толық күнді 2 топ  жұмыс жасайды, балалардың жас ерекшеліктері 3 жастан -5 жас шамасы аралығында. Оқыту және тәрбиелеу  мемлекеттік тілінде  жүргізіледі.

Шағын-орталық педагогикалық ұжымында  білікті де білімді  мамандар  жинақталған, олардың:

-жоғары педагогикалық білімі бар-1 адам;

-арнайы орта  білімі бар-3 адам;

Біліктілігі  бойынша "педагог-сарапшы" -1 педагог; "педагог-модератор"2 педагог.

Шағын-орталық  басшылығын  жүзеге асырады:

«№25ЖОББМ»КММ директоры Наширбеков Н.Ж., 

Әдіскер:Закирова Б.Р.

Педагогикалық ұжым тұрақты: 4 тәрбиеші   шағын-орталықта алғаш ашылғаннан жұмыс жасайды.

Шағын-орталық  мектеп ғимаратының бірінші  қабатында орналасқан, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталған. 

   Топ бөлмелері жайлы,баланың жас ерекшелік талаптарына сай жиһаздармен, қажетті  ыдыстармен, құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Таңертеңгілік жаттығу , дене шынықтыру  және музыка қызметіне бөлек бөлме берілген. Мектеп ауласында  арнайы балалардың таза ауада серуендеуіне арналған ,  қоршалған  серуен алаңы бар. Құммен  ойнауға арналған құмсалғыш, сюжетті-желілі және спорттық жаттығуларға, қимыл –қозғалыс ойындарына  арналған арнайы құралдар орнатылған.

Шағын-орталықта үш рет дұрыс тамақтану қолға алынған. Медицина қызметкері тамақтануды ұйымдастырумен қатар балалардың денсаулығын ұдайы қадағалап отырады

Шағын-орталыққа балаларды қабылдау мектепке дейінгі ұйымдардың Үлгілік қағидаларын басшылыққа алып Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген талап  бойынша жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі шағын-орталық пен жалпы білім беретін мектеп қарым-қатынасы мектеп директоры атынан және ата-аналар тарапынан (оларды алмастыратын адамдар) келісім-шарт арқылы реттеледі. Шағын орталық тәрбиелеу-оқыту процесі мектепке дейінгі тәрбиелеудің Үлгілік Оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Бұл бағдарлама талаптары шағын-орталық топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруға, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы балаларды мектепке сапалы дайындап, қоғамдық-әлеуметтік өмірге белсенді бейімдеуді көздейді.

Бала денсаулығын нығайту, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында шағын - орталықта «Сөйле, балақай!» (қазақ тілін үйрену), «Таэквандо», «Шебер қолдар»(қолөнер), «Ертегілер әлемі» (сахналау) үйірме жұмыстары жүргізіледі.

Басты құндылығы ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінің анықтайтын  миссиясы  болып табылады:

Шағын-орталық тәрбиеленушілерінің; (физикалық, психикалық, адамгершілік) денсаулығы;

Тәрбиеленушілерді жаңа қазақстандық патриотизм құндылығы негізінде қалыптастыру;

Баланың ішкі әлемі, оның (шығармашылық әлеуеті, қабілеттері, әр түрлі қызмет салаларындағы  мүдделері)

Біздің  шағын-орталығына қош келдіңіздер!!!




Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее