Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-47-35
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие "іске асыру жоспары аясында ұлттық құндылықты дәріптеу "Текемет жасау"
12
февраль
2024

Біртұтас тәрбие "іске асыру жоспары аясында ұлттық құндылықты дәріптеу "Текемет жасау"

ТЕКЕМЕТТІҢ ОЮЫ
Киізден жасалған бұйымдардың арасында өзінің қанық, ашық түсті оюымен текеметтер бірден көзге түсетінін айта кетуiміз керек. Мұражайлар мен ауыл үйдегі көздің жауын алатын текеметтерден қазақ халқының киіз бен текемет басудан мол іс-тәжірибе жинақтағанын байқауға болады. Жалпы алғанда киіз басу барлық жерде бір тәсілмен орындалатыны анық. Киіз дайын болғаннан кейін, оның бетіне түрлі боялған жүндермен қошқар мүйіз оюлардың неше түрі өрнектеледі. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болған. Текеметке ою қойғанда сары түс пен қоңырқай түстің үндестік табуына ерекше мән беріледі. Жиекке түскен иірлер ортадағы негізгі ою-өрнекпен астасып, үйлесім табуы тиіс. Ою салынғаннан кейін киізді қайтадан шиге орап, киіз бен оның бетіне салынған ою-өрнектер бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп аламыз. Осылайша киізіміздi ою-өрнекті текеметке айналдыруға болады. Текемет дайын болғаннан кейін оны күн көзіне жайып, жақсылап кептіріп алған жөн. Осылайша текеметті бір күн ішінде басып шығаруға болады. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді.
Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее