Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-47-35
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарының ата – аналарын ұлықтау рәсімі өткізілді
01
март
2024

1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарының ата – аналарын ұлықтау рәсімі өткізілді

1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарының ата  аналарын ұлықтау рәсімі өткізілді. Оқушының әр жетістігінің артында ерен еңбек, шыдамдылық, ұстазбен өткізген дайындықтар және ең маңыздысы ата – ананың қолдауы жатыр. Жауапкершілігі мол, талапты, алғыр балаларды тәрбиелеп, өмірге баулып отырған ата – аналарды марапаттау үшін мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қалалық маслихаттың депутаты Сабитов Равиль Кенжебекович арнайы шақырылды. Равиль Кенжебекович ата –аналарға биылғы оқу жылында балаларының жеткен жетістіктері үшін зор алғысын білдіріп, алдағы уақытта қолдауларының арқасында үлкен белестерден көрінетіндіктеріне сенім білдірді. Мектеп директоры Наширбеков Нурлан Жандильдинович өз сөзінде мектептің материалдық – техникалық базасының жылдан жылға жаңарып, толығып жатқандығын баса айтып, оқушылардың заманға сай білім алуларына барлық жағдайлардың жасалып жатқандығынан ақпарат берді. Оқушылардың былтырғы және биылғы оқу жылдары бойынша салыстырмалы ақпаратпен бөліскен директордың оқу – әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Омарова Кенжегуль Азимхановна, қала және облыс бойынша жетістіктерді атап өтіп, алдағы уақытта жоспарда қандай сайыстардың болатындығына тоқталып кетті. Мектебіміздің  дарынды оқушыларының ата – аналарын марапаттау рәсімі мектеп оқушыларының мерекелік концертімен аяқталды.

В честь Дня благодарности 1 марта в нашей школе состоялось чествование родителей победителей олимпиад и конкурсов научных проектов. За каждым достижением ученика стоит упорный труд, терпение, подготовка, которую он провел с учителем, и, что наиболее важно, поддержка родителей. Для награждения родителей, воспитывающих и приобщающих к жизни ответственных, требовательных, целеустремленных детей, был специально приглашен Председатель Попечительского совета нашей школы депутат городского маслихата Сабитов Равиль Кенжебекович. Равиль Кенжебекович поблагодарил родителей за успехи, достигнутые их детьми в этом учебном году, и выразил уверенность, что в дальнейшем, благодаря их поддержке, они проявят себя на больших высотах. В своем выступлении директор школы Наширбеков Нурлан Жандильдинович подчеркнул, что материально – техническая база школы из года в год обновляется и пополняется, и проинформировал о том, что создаются все условия для современного обучения учащихся.

Заместитель директора по учебно – методической работе Омарова Кенжегуль Азимхановна, поделилась сравнительным анализом по прошлый и за этот учебный год, отметила достижения по городу и области и рассказала, какие конкурсы будут в планах на будущее. Церемония награждения родителей одаренных учеников нашей школы завершилась праздничным концертом. 

Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее