23
декабрь
2023
"Туған жерге тағзым" акциясы
"Туған жерге тағзым" акциясы аясында білім ордамызда білім алған түлектеріміз бен ардагер ұстаздарымызға арнап кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты: мектебіміздің түлектері мен осы өңірде туып-өсіп, қазір басқа жақта жүрген іскер азаматтарымен және ардагер ұстаздарымен қарым-қатынас орнату.
Түлектеріміз мектеп қабырғасында өткізген сәттерін еске алып, өткенге бір көз жүгіртіп, бір жылап, бір күліп алды. Сонымен қатар, қонаққа келген ардагер ұстаздарына да алғыстарын білдірді және оқушылардың мәдени тұрғыдан дамуына өз үлестерін қосу мақсатында түлектер атынан тарту жасады.
Мектеп ұжымы да қарап қалмады. Түлектер мен ұстаздарға оқушылар өз өнерлерін паш етіп, мектеп тарихымен бөлісіп, арамызда жоқ ұстаздарды еске алды.
Атаулы кеш ешкімді көңілсіз қалдырмады. Кеште отырған әр жан өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын жаудырды.