Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-47-35
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ЖЫЛ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР.
26
декабрь
2023

ЖАҢА ЖЫЛ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР.

ЖАҢА ЖЫЛ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР.
Мектебімізде бастауыш сыныптарда жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Атаулы мереке әр бала үшін ерекше және ыстық екені мәлім. Түрлі кейіпкердің киімін киген балалар би билеп, ән айтып және ойындар ойнап бір сергіп қалды.
Таңғы сағат 10:00 қазақ сыныптарында (0А, 1А, 2А, 3А, 4А) жаңа жылдық ертеңгілік болса, сағат 12:00 орыс сыныптарында (0Б, 1Б, 2Б, 3Б, 3В, 4Б)  болды. Етеңгілікте оқушылар өз өнерлерін паш етті. Ақшарқар, аққала, қар патшайымы, ханшайымдар мен ханзадалар болып киінген оқушылар әр түрлі ойын ойнап, тақпақ айтып аяз атадан сыйлық алды. Ал орыс сыныптарының оқушылары мұғалімдермен бірге үлкен жаңа жылдық қойылым қойды. Осы мекерекелік іс – шаралардың өтуіне өз үлесін қосқан, әрине, өзін – өзі басқару ұйымының мүшелері.
Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее