Ұстаздар күні
Күздің ерекше мерекелерінің бірі – Ұстаздар күнін мектебімізде ерекше етіп атап өту дәстүрге айналды. Оқушыларымыз таңмен бірге таласа оянып, мектепке ұстаздардан ерте келіп қарсы алды. Әр мұғалімге мерекесін айрықша ету үшін көңіл – күй сыйлауға тырысты. Бұл жолы мұғалімдер күнін ұйымдастыруға тәлімгерге 11А сыныбының түлектері көмектесті. Соңғы оқу жылында ұстаздарына естен кетпес мерекелік концерт қойды. Концертте көрермен болғандардың бірі жаман көңіл күймен қайтпағанына кәміл сенімдіміз.