"Алтын күз" мерекесі
Мектебімізде 11А және 11Б сынып оқушылары мен аға тәлімгер Сеитова Е.Х. ұйымдастыруымен "Алтын күз" мерекесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шара 2 бөлімнен тұрды: 1-бөлім – 5-7 сынып оқушыларының сайысы. Жеңімпаз атанғандар: 5Б сыныбының оқушылары Кабанов Матвей мен Онуфриева Алиса. 2-бөлім – 8-10 сынып оқушыларының сайысы. Жеңімпаз атанғандар: 10А сыныбының оқушылары Ақшайков Нұрсұлтан мен Тыныштықова Нұрай. Мереке қатысушылардың шығармашылығымен, ерекше өнерімен, күзгі сән-салтанатымен есте қалды.