09
декабрь
2023
Семинар тақырыбы: Оқу процесіне инновациялық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу

Өтілген орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мақсатты аудитория: Абай облысының шағын жинақталған мектеп мұғалімдері
Өтілген күні: 19 қазан, 2023 жыл
Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.
Семинар модераторлары: Бексолтанова Т. Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы және Наширбеков Н.Ж. «№25 ЖОББМ» КММ директоры.
Семинар барысында бейнелеу өнері және технология пәндерінің мұғалімі Мукушев Ж.М. «Суретті қызықтыра салдыру жолдары» авторлық бағдарламасы негізінде «Бес саусақ бірдей емес» әдістемесі тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сынып барысында авторлық әдістеме арқылы курс тыңдаушылары сурет салуға қызығушылықты оятудың әдістерімен танысты.
Тарих және география пәндерінің мұғалімі Бужиева Г.К. 5 «А» сыныбында «Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер» тақырыбында және математика пәнінің мұғалімі Ахметолла З.М. 6 «А» сыныбында «Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
10- сыныптың сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Баженова Г.Т. «Оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің үлесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: адам өміріндегі қарым – қатынас мәдениетінің мәнін ашу, курс тыңдаушыларының қарым – қатынас мәдениетін сақтаудағы түсініктерін ортаға салу.
Семинар соңында Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды.
Семинар соңында тәжірибені жалпылау және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу болды, сонымен қатар қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жұмыстың нәтижесі ретінде қабылданған ұсынымдар болды.