Ата - аналарды ұлықтау рәсімі
«№25 ЖОББМ» КММ-де олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарының ата – аналарын ұлықтау рәсімі өткізілді. Оқушының әр жетістігінің артында ерен еңбек, шыдамдылық, ұстазбен өткізген дайындықтар және ең маңыздысы ата – ананың қолдауы жатыр. Жауапкершілігі мол, талапты, алғыр балаларды тәрбиелеп, өмірге баулып отырған ата – аналарды марапаттау үшін Абай облысы Семей қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы Оспанов Елубек Серікбосынұлы, Абай облысы Семей қаласының Маслихат Депутаты Қасенов Қуаныш Аманбекұлы, Семей қаласының білім бөлімінің тәрбие секторының бас маманы Бағдат Бағланұлы арнайы шақырылды. Қонақтар ата –аналарға биылғы оқу жылында балаларының жеткен жетістіктері үшін зор алғысын білдіріп, алдағы уақытта қолдауларының арқасында үлкен белестерден көрінетіндіктеріне сенім білдірді. Мектеп директоры Наширбеков Нурлан Жандильдинович өз сөзінде мектептің материалдық – техникалық базасының жылдан жылға жаңарып, толығып жатқандығын баса айтып, оқушылардың заманға сай білім алуларына барлық жағдайлардың жасалып жатқандығынан ақпарат берді. Оқушылардың былтырғы және биылғы оқу жылдары бойынша салыстырмалы ақпаратпен бөліскен директордың оқу – әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Омарова Кенжегуль Азимхановна, қала және облыс, республика бойынша жетістіктерді атап өтіп, алдағы уақытта жоспарда қандай сайыстардың болатындығына тоқталып кетті. Мектебіміздің дарынды оқушыларының ата – аналарын марапаттау рәсімі мектеп оқушыларының мерекелік концертімен аяқталды.



