ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
21 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты тыңдаушыларының қатысуымен «Оқу процесіне оқытудың инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Бексолтанова Толкын Толеубековна қатысты.
Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.
Семинарды «№25 ЖОББМ» КММ директоры Наширбеков Н.Ж. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында аталмыш мектептің пән мұғалімдері Сембаева Г.С., Мукушева Н.С. «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту үрдісінде CLIL технологиясын қолдану әдістемесі», Жетимекова А.Ж., Болесова Г.Е. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын әдіс -тәсілдер», Конырова Е.М. «Биология сабағында Smart – технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптарында шебер - сыныптар өткізді.
Жолбарисова Ж.А. «Қазақ тілі сабағында ойын арқылы өзге ұлт тілді оқушыларға төл дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету», Исаева К.З. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында өткен тәжірибелік алаң, шеберлік сыныптарды қатысушылар жоғары бағалап, қызығушылық танытты.
Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.