20
декабрь
2023
Серіктес мектептер "Сурет галереясы" жобасымен танысты
20.12.23 ж. «№25 ЖОББМ» КММ – де жетекші мектептің жылдық жоспарына сәйкес серіктес мектептерге арналған семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты: серіктес мектептермен іс - тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды. Жоба жетекшісі мен координаторлары бұл жобаның маңыздылығын айқындап, оқушыларға тигізетін әсерін атап көрсетті. Мектепішілік жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.
Семинар соңында тәжірибені жалпылау және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу болды, сонымен қатар қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жұмыстың нәтижесі ретінде қабылданған ұсынымдар болды.