Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу
20.12.23 ж. «№25 ЖОББМ» КММ – де жетекші мектептің жылдық жоспарына сәйкес серіктес мектептерге арналған семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты: серіктес мектепмен іс - тәжірибе бөлісу. Биология пәнінің мұғалімі Конырова Е.М. «Биология сабағында Smart – технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптарында шеберлік - сынып өткізді.
10- сыныптың сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Баженова Г.Т. «Оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің үлесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: адам өміріндегі қарым – қатынас мәдениетінің мәнін ашу, курс тыңдаушыларының қарым – қатынас мәдениетін сақтаудағы түсініктерін ортаға салу.
Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды. Жоба жетекшісі мен координаторлары бұл жобаның маңыздылығын айқындап, оқушыларға тигізетін әсерін атап көрсетті. Мектепішілік жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.
Семинар соңында тәжірибені жалпылау және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу болды, сонымен қатар қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жұмыстың нәтижесі ретінде қабылданған ұсынымдар болды.

