Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№25 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-47-35
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Облыстық семинарда мектепішілік жобаның таныстырылымы өтті
21
сентябрь
2023

Облыстық семинарда мектепішілік жобаның таныстырылымы өтті

21 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «№25 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Абай облысының шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Оқу процесіне инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар модераторы Бексолтанова Т. Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы және Наширбеков Н.Ж. «№25 ЖОББМ» КММ директоры.

Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.  

Семинарда іс - тәжірибе таратудан бөлек  Нұржан Қарымсақовтың «Ел тұтқа» картинасы бойынша «Сурет галереясы» мектепішілік жобасы таныстырылды. Жобаның негізгі мақсаты, іске асыру механизмдері айтылып өтті. 

Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.    

Школа № 25Общеобразовательная школа в Семее